2025 жылғы 18 маусымда Астана қаласы Есіл ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарына арналған «Заң және дін» тақырыбында семинар өткізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 153 Жарлығын іске асыру және 2025 жылға арналған әдеп жөніндегі уәкілеттілердің жұмыс жоспары аясында, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әдеп мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Кіріспе сөзді Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкілетті Г.Ж. Тағаева сөйледі.
Шақырылған спикерлер ретінде Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Qamqor Astana» қоғамдық қорының өкілдері теолог Нұрахметұлы Арман және маман Айдарқұл Марлен өз сөздерінде діни сенім мен қолданыстағы заңнама нормаларының өзара байланысы, діни экстремизмнің алдын алу және мемлекеттік қызметтің зайырлы қағидаттарын нығайту мәселелеріне тоқталды.
Семинар соңында қатысушылар сұрақ қойып, пікірталасқа қатысу мүмкіндігіне ие болды.