
«Фонтанда шомылу, неге қауіпті?»
Мамыр айынан бастап қалада субұрқақ кешендері жұмыс істей бастайды. Әрине, аптап ыстықтың басталуымен олар қала тұрғындарының назарын аударатын орынға айналады, ал кейбір тұрғындар субұрқақтың жанында сергіп қана қоймай, оған шомылғысы келеді.
Субұрқақтар шомылуға арналмаған, олар қаланы абаттандыру элементтерінің бірі болып табылады және ауаны ылғалдандыру қызметін атқарады. Сондықтан оларды тікелей мақсатына сәйкес қолданбау адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін.
Фонтандар қоғамдық орындарға орналастырылады және оларда судың табиғи ластану процесі өте тез жүреді: қоқыс, жапырақтар, шаң, жәндіктер субұрқақтың ыдысына түсіп, тез ластануға әкеледі.
Оларда үйсіз жануарлар (зоонозды инфекцияларды тасымалдаушылар), құстар (орнитозды тасымалдаушылар), сондай-ақ адамдар (ішек, зең, вирустық және басқа инфекцияларды тасымалдаушылар), соның ішінде белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар шомылуы мүмкін.
Сонымен қатар, жоғары ауа температурасы суда микроорганизмдердің тез көбеюіне ықпал етеді.
Сондай-ақ, субұрқақтарда шомылу құбырларда, сорғыларда және шамдарда орнатылған электр жарақаттары мен механикалық жарақаттарға әкелуі мүмкін.
Субұрқақта шомылып қана қоймай, қолды немесе жемісті жууға болмайды, мұны тек арнайы жабдықталған жерлерде, ауыз суда жуу қажет.
Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті мамыр - қыркүйек айлары аралығында қаланың субұрқақ кешендеріндегі су сапасына лабораториялық зерттеулерге су сынамаларын алумен мониторинг жүргізеді.
Өз денсаулығыңызға қауіп төндірмеңіз!