Ағымдағы жылдың 21 мамырында Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласының аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының, Астана қаласының білім Басқармасының мамандарының және жалпы білім беру мекемелерінің тамақ жеткізушілерінің өкілдерінің қатысуымен «Білім беру мекемелеріндегі қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастырудың санитариялық ережелерінің талаптарын сақтау. Тамақтан уланудың алдын-алу» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында қатысушылармен білім беру мекемелеріндегі қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру және мектеп жанындағы лагерьлерде тамақтан уланудың алдын-алу бойынша мәселелері талқыланды.