Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 2025 жылдың 21 мамырында аудандық басқарма мамандарына арналған «Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласында құқық қолдану практикасын жетілдіру және әкімшілік жауапкершіліктен жалтарудың алдын алу, олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына әрі олардың орын алуына әкеп соғуы мүмкін жағдайлардың алдын алу» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді.
Семинарда құқық қолданудың өзекті мәселелері қарастырылды, әкімшілік құқық бұзушылықты рәсімдеу кезінде жіберілетін қателіктер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексін сақтау бойынша тәжірибелік ұсынымдар берілді.
Семинарда департаменттің ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Е.А. Кох және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі басшысының м.а. Е.Б. Корякина баяндама оқыды.
Аталған іс-шараларды жүргізу құқықтық мәдениетті және ішкі бақылау жүйесін нығайтуға бағытталады.