Концепция «5 моментов для гигиены рук»

Концепция «5 моментов для гигиены рук»

        «Қол гигиенасының 5 маңызды алғышарты» концепциясы тәжірибелік қолдануға бағытталған, оның мақсаты – қол гигиенасын сақтау талаптарын қатаңдату. Бұл концепция Дүниежүзілік денсаулық ұйымының (ДДСҰ) қол гигиенасы бойынша ұсыныстарының негізгі элементі ретінде қарастырылады.

         Қол гигиенасы – бұл инфекциялардың алдын алудың ең бірінші шарасы. Бұл бір қарағанда қарапайым әрекет болғанымен, медициналық қызметкерлер арасында оны сақтамау бүкіл әлем бойынша кең таралған мәселе айналып отыр.

         Медициналық көмек көрсету барысында микроағзалардың берілуі, әсіресе, тікелей және жанама байланыс, тамшы, ауа-тамшы және жалпы жолдар арқылы жүреді. Инфекция жұққан медициналық қызметкерлердің қолы – көптеген мекемелерде кең таралған жұқпалы аурулардың көзі болып саналады.

         Кез келген медициналық ұйымда жеке қол гигиенасының маңызы зор, бұл тек медицина қызметкерлеріне ғана емес, пациенттерге де қатысты. Қол гигиенасын сақтауды қамтамасыз етудің маңызды бағыты – осы процесті ұйымдастыру және бақылау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ оны әрбір жұмыскерге күнделікті міндет ретінде енгізу жүзеге асырылған.

         ДДСҰ «Қол гигиенасының 5 маңызды алғышарты» концепциясында көрсетілген қол гигиенасы туралы қатаң қағидаларды барлық медициналық қызметкерлердің ұстануын ұсынады.

  • науқастармен байланысқа дейін;
  • таза процедураларға дейін/ асептикалық процедуралар;
  • аса қауіпті науқастармен байланыста болу \ биологиялық сұйықтықтармен байланысты жағдайлардан соң;
  • науқастармен байланыстан соң;
  • науқастың айналасындағы құралдармен байланыстан соң;

Қолды тиімді өңдеуді қамтамасыз ету үшін келесі шарттарды міндетті түрде ұстану керек:

  • Қысқа алынған тырнақтар (рұқсат етілген ұзындық – 0,2 см);
  • Тырнаққа арналған лактың болмауы; жасанды тырнақтың жабыстырылмауы;
  • Қолда әшекей бұйымдарының болмауы;
  • Таза тері – қол терісінде жарақаттар мен инфекциялық зақымданулардың болмауы;
  • Тырнақ іздері, тесілген және кесілген жарақаттар болған жағдайда міндетті түрде су өтпейтін пластырь жабыстыру;
  • Халат жеңдерінің деңгейі қолдың жартысына дейін болуы тиіс;
  • Қолды хирургиялық өңдеуге дейін қолдағы сағат, браслет және т.б. шешу қажет.

«Қол гигиенасы» медициналық қызмет көрсету кезінде және микробқа қарсы резистенттіліктің таралуын болдырмауға байланысты, жұқпалы аурулардың алдын алу кезінде өзінің тиімділігін дәлелдеген алғышарт болып саналады.