Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан
Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 9-бабының 4, 10 тармақшаларына, 38-бабының 1-тармағына 12 тармақшасына, 113-бабының 3-тармағына және 114-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ – 193/2020 «Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Қағидалар) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық комитеті төрағасының 2023 жылғы 8 ақпандағы № 19-НҚ «Зертханалық зерттеулердің көлемін, тізбесін және жиілігін айқындайтын санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тәртібін бекіту» туралы бұйрығын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
- Алматы ауданының (Шаймерденова Г.Т.), Байқоңыр ауданының (Абайұлы Ш.), Есіл ауданының (Қуанышбеков Н.Д.), Сарыарқа ауданының (Икласова С. С.) санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары осы Қағидалардың 1-6-қосымшаларына сәйкес бекітілген нысандар бойынша есептілікті уақтылы және сапалы ұсынуға жауапты болып белгіленсін.
- Аумақтық басқармалар санитариялық-эпидемиологиялық мониторингтің бақыланатын өлшемдері бойынша Департаментке есептілікті осы бұйрыққа 1-қосымшада көрсетілген мерзімдерге дейін 2 жұмыс күні бұрын ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау басшысы (Аубакирова С.М.), аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы(Естияр Ж.А.) коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің (Кашкенова А. А.), тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің (Гартман Е. Ф.), білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің (Жумагулова А.О.), өнеркәсіптік, радиациялық қауіпті объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы (Рамазанов А.М.), ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімі басшысының м. а. (Чо-Зо-И А. В.) Департаменттің ресми интернет-ресурсына орналастыру үшін жартыжылдық, жыл қорытындылары бойынша санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелерін ұсынуды қамтамасыз етсін.
- 4. Жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас маман (Қалқабекова А.С.) Департаменттің ресми интернет-ресурсында жартыжылдық, жыл қорытындылары бойынша санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері жөніндегі ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Алматы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының (Шаймерденова Г. Т.), Байқоңыр ауданының (Абайұлы Ш.), Есіл ауданының (Қуанышбеков Н.Д), Сарыарқа ауданының (Икласова С. С.):
1) «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы, оның ішінде санитариялық- эпидемиологиялық сараптама өткізуге арналған қаулылардың және Ұлттық сараптама орталығы филиалында зертханалық-аспаптық өлшеулер жүргізуге арналған ұйғарымдардың уақтылы бағытталуы жөнінде» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-334/2020 бұйрығына сай санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету;
2) Кодекстің, қағидалар мен тәртіптің 113 және 114-баптарының талаптарына сәйкес СЭМ жүргізу және физикалық факторларға мониторинг жүргізу тәсілдерін қайта қарау (бақылау нүктелерін, еселіктерін, көлемдерін қайта қарау);
3) Басқарма мамандарының қатысуымен зертханалық және аспаптық зерттеулер мен өлшеулер жүргізуді қамтамасыз ету.
- Жетекшілік ететін департаменті басшысының орынбасарлары (Пралиева Ж.К., А. К. Шагалтаева, Г.Т.) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-193/2020 «Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық комитеті төрағасының 2023 жылғы 8 ақпандағы № 19-НҚ «Зертханалық зерттеулердің көлемін, тізбесін және жиілігін айқындайтын санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тәртібін бекіту» туралы бұйрығының уақтылы орындалуын бақылауға алынсын.
- «Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу туралы» Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 183-нқ бұйрығының күші жойылды деп есептелсін.
- Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
- Бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Қол қойылды
22.05.2023 18:29 Бейсенова Сархат Сагинтаевна