Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

     Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана   қаласы Алматы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасы» РММ - нің 2026 жылғы 8 маусымдағы № 24-21-23-4-11/629--И  (2026 жылғы 08.06.2026 күнгі №492 кіріс хаты) түскен пациенттің кеуде қуысының флюрографиялық тексеруден өткенін анықтау фактісі бойынша ақпарат.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана   қаласы Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): Плотникова Наталья Николаевна - Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық көпсалалы фтизиопульмонология және ішкі аурулар орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының рентген-диагностика бөлімінің меңгерушісі.
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 09.06.2026 ж. - 15.06.2026 ж. аралығы
  5. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: көпсалалы клиника «ADAM CLINIC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
  6.   Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында санитариялық қағидалардың бірқатар бұзушылықтары анықталды.
  7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Көпсалалы клиника «ADAM CLINIC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
  8. Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар үшін кәсіпкерлік субъектісіне қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 425-баптың 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазалау шаралары қабылданды, сонымен қатар іс-шараларды көрсете отырып, ұсыныс берілді.
Дата публикации
19 июня 2026