Тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеруді жүргізу негізі: 2026 жылғы 11–12 мамырда Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық инфекциялық орталығы» КМК-нан әртүрлі мекенжайларда тұратын 7 адамның (оның ішінде 6-еуі Астана қаласының тұрғындары және 1-еуі Ақмола облысының тұрғыны) іштің ауыруы мен ас қорыту жүйесінің бұзылуына байланысты медициналық көмекке жүгінгені туралы ахуалдық ақпараты
- Тергеп-тексеруді жүргізуші бақылау және қадағалау мекемесі: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Астана қаласы Алматы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- Қатысқан сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): қатыспады.
- Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімі: 12.05.2026 - 10.06.2026жж. аралығы
- Тергеп-тексеруге жататын жеке және(немесе)заңды тұлғалар: «Mix Doner» қоғамдық тамақтандыру орны «ЖК Ясина»
- Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы құқықтық нормативтік актілердің талаптарын бұзу себебі мен сипаты: Тексеру барысында 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің; 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № ҚР ДСМ–95 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген «Желдету және ауа баптау жүйелерін дезинфекциялауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптары сәйкес келмейтіндігі анықталды.
- Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзған жеке және/немесе заңды тұлғалар:«Mix Doner» қоғамдық тамақтандыру орны «ЖК Ясина»
- Қолданылған шаралар: Алматы ауданы полиция басқармасына қылмыстық іс құрамы бар немесе жоқ екендігі бойынша іс қарауға жіберілді; ЖДҚШ берілді.