Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

     Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

  1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: «Пост инъекционный абсцесс подключичной области справа, осложненная флегмоной шеи и передней поверхности грудной клетки справа» жағдайының тіркелуіне байланысты 17.04.2026 жылғы №2 шұғыл хабарлама бойынша 2025 жылғы 21 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ-нен келіп түскен шығ. № -№ 23-26-05-1417 өтініші негізінде.
  2. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Нұра ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
  3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім): тартылған жоқ
  4. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 27.04.2026 ж. - 10.06.2026 ж. аралығы

5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС.

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: тергеп-тексеру барысында дезинфекциялық құралдардың зертханалық зерттеу нәтижелерінің сәйкессіздігі анықталды және қызметкерлердің медициналық қарап-тексерулерін ұйымдастыру жөніндегі талаптардың орындалмауы анықталды.
  2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС.
  3. Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, жұмыстан уақытша шеттету жөнінде жедел ден қою шараларын қолдану туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысы шығарылды
Дата публикации
18 июня 2026