Абай облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының ағымдағы жылғы 12 мамырдағы № 86-ө/ 171-НҚ бірлескен бұйрығын орындау мақсатында басшының орынбасары А.Токтабаеваның төрағалығымен, облыстың бас штаттан тыс инфекционисті И.Эфендиевтің қатысуымен облыстық офлайн және бейнеконференцбайланыс режимінде аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық басқармаларының, медициналық ұйымдардың (стационарлар, емханалар и облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы) басшылары мен мамандары үшін «Абай облысы бойынша менингококк инфекциясының алдын-алу үшін клиника, диагностика, емдеу, эпидемиология және профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты облыстың медициналық ұйымдарының медицина қызметкерлерін, аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық басқармаларының мамандарын кәсіби даярлау, медицина қызметкерлерінің амбулаторлық қабылдау кезінде МИ бойынша сақтығын күшейту болды.
- Семинар- кеңес барысында ИПАЭҚБ бас маманы А. Рахадилова «Республикадағы және Абай облысындағы менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай. Облыста менингококк инфекциясын алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру» туралы баяндады.
- «Семей медицина университеті» КеАҚ балалар жұқпалы аурулар кафедрасының ассистенті, м.ғ.к. А.Мансурова «Менингококк инфекциясының клиникасы, диагностикасы және емі» тақырыбында баяндама жасады.
- ҚР ДСМ СЭБК «ҰСО» ШЖҚ РММФ бактериологиялық зертханасының дәрігері Д.Мамыраева «Менингококк инфекциясына сынамаларды алу, сақтау, тасымалдау ережелері» туралы айтып берді.
Алдағы жаз маусымының жақындауына байланысты жетекші маман М.Шарипова жіті ішек инфекциялары мен сальмонеллез бойнша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, алдын алу, эпидемияға қарсы шаралар туралы айтып өтті.