Балық өнімдерінің қауіпсіздігі

Балық өнімдерінің қауіпсіздігі

Тамақтану кезінде балық пен теңіз өнімдерін ақуыз көзі ретінде пайдалану балалардың қалыпты өсуіне және ақыл-ой дамуына, майлар мен дәрумендердің алмасуына, гемопоэздің бұзылуын болдырмауға, сонымен қатар ағзаның инфекцияларға, суыққа және басқа да ауруларға төзімділігін арттыруға көмектеседі.

​Балық етінің құрамына калий, натрий, магний, кальций, фосфор, мыс, күкірт, темір, кобальт, хлор, йод, фтор және басқалары сияқты макро – және микроэлементтер кіреді.

​Балық өңдеу объектілері «Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 040/2011) қауіпсіздік талаптарына сәйкес тағамдық балық өнімдерін сақтау, тасымалдау және өткізу процестерін жүзеге асыруға міндетті.

​Балық өнімдерін тасымалдауға арналған көлік құралдары мен контейнерлер белгіленген температуралық режимді сақтауға және тіркеуге мүмкіндік беретін құралдармен жабдықталады. Көліктік және (немесе) тұтыну қаптамасын пайдаланбай үйіп тасымалдауға жол берілмейді. Көлік құралдарының жүк бөлімшелері мен контейнерлер үнемі жуылып және дезинфекциялануға тиіс. Көліктің ішкі беттері тегіс, оңай жуылатын және дезинфекцияланатын болуы тиіс.

​Келесі тағамдық балық өнімдерін сатуға жол берілмейді:
- улы балықтар тұқымдасынан өндірілген;
- органолептикалық көрсеткіштері бойынша тұтынушылық қасиеттеріне сәйкес келмейтін (түсі, иісі, консистенциясы);
- өнімнің қалыңдығындағы 18 градустан жоғары температурасымен тоңазытылған;
- сақтау кезеңінде ерітуге ұшыраған;
- құрамында адам денсаулығы үшін қауіпті биотоксиндер болған кезде;
- адам денсаулығына қауіпті тірі балықтағы тірі паразиттер мен олардың дернәсілдері, тірі су омыртқасыздары анықталған жағдайда.

Тұтынушыға берер кеңестер:
- балық өнімдерін кездейсоқ сатушылардан сатып алмаңыз, тек балық өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін сақтау үшін қажетті тоңазытқыш жабдықтарымен қамтамасыз етілген мамандандырылған сауда кәсіпорындарында сатып алыңыз;
- өнімнің сыртқы түрін мұқият тексеріңіз (балықтың балғын еместігінің бірқатар белгілері: жағымсыз иіс, сұр немесе қара түсті желбезек, басқан кезде бетінде тесік қалады).
Балғын балықты сатып алудың ең сенімді әдісі — оны тірі күйінде сатып алу.
Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыз!