Көптеген мерекелерде біз шайға тәтті десерттер сатып аламыз. Көбінесе бұл пирожное мен торттарды қамтитын кремді кондитерлік өнімдер. Кремді кондитерлік өнімдер - тез бұзылатын, жарамдылық мерзімі қысқа өнімдер санатына жатады, осыған байланысты қауіпсіз өнімді таңдауда белгілі бір нюанстарды ескерген жөн.
Кондитерлік өнім – шикізаттың негізгі түрлерін – тағамдық компоненттерді (ингредиенттерді), тағамдық қоспалар мен хошиістендіргіштерді қосып немесе қоспай, қантты және (немесе) ұнды және (немесе) майларды және (немесе) какао-өнімдерді технологиялық өңдеу нәтижесінде алынған, белгілі бір белгіленген нысаны бар, тұтынуға дайын көп компонентті тамақ өнімі болып табылады.
Кремді кондитерлік өнімдерді сатып алғанда не білуіңіз керек?
• Тортты сатып алмас бұрын оның құрамын оқып шығу керек. Қаптамада міндетті түрде шығарылған күні мен сату мерзімі көрсетілуі керек. Торттар мен кремді кондитерлік өнімдердің жарамдылық мерзімі құрамына байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Кремі және басқа толтырғыштары бар өнімдер жоғары ылғалдылыққа байланысты тезірек бұзылады.
• Кондитерлік өнімдерді объектілерден өткізу оралған түрде жүзеге асырылады. Бұл өнімді тоңазытқышта сақтау ұсынылады.
• Кондитерлік өнімдерді тек осы өнімді сақтауға жағдай жасалған стационарлық сауда кәсіпорындарында сатып алу ұсынылады (желдетілетін қойма бөлмелері, ауаны баптайтын сауда залдары, арнайы жабдықталған тоңазытқыш сөрелер немесе витриналар).
• Үйде кондитерлік өнімдер жасаумен айналысатын адамдардан торт сатып алмаңыз. Тиісті санитарлық жағдайлардың болмауы, процесс технологиясын сақтамау, жеке медициналық кітаптардың болмауы мүмкін.
Кремі бар кондитерлік өнімдерді сақтау мерзімі:
• 6 сағат-кілегей кремі;
• 18 сағат- қаймақ немесе сүзбелі крем;
• 36 сағат-йогурт кремі, кілегейлі ірімшік салмасы;
• 72 сағат-ақуыз кремі.
Кондитерлік өнімдерді креммен сақтау кезінде ауа температурасын + 2°C... + 6°C деңгейінде ұстау ұсынылады, сонымен бірге сақтау мерзіміне басқа ингредиенттердің (жидектер, жемістер, сироптар, консерванттар) болуы әсер етеді.