Коронавирустық инфекцияның алдын алу жолдары

Коронавирустық инфекцияның алдын алу жолдары

Коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары:
1. КВИ белгілері бар адамдармен байланыста болудан аулақ болыңыз (жөтелген, түшкірген адаммен).
2. Күнделікті ылғалды тазалауды және сіз тұрған бөлмелерді желдетуді жүргізіңіз. Ауаны ылғалдандырыңыз. Ылғалды ауа-суық тию мен тұмауға қарсы күресте күшті құрал.
3. Суық тиюден аулақ болыңыз және ауа-райына сәйкес киініңіз.
4. Үйден шыққан кезде мұрын жолдарын алдын ала тазалап, қорғаныс тосқауылын жасайтын оксолин жақпа майымен майлаңыз.
5.Қолыңызды сабынмен немесе кем дегенде 60% алкоголь бар антисептикалық гельмен мұқият және жиі жуыңыз. Лас қолдарыңызбен бетіңізді ұстамаңыз.
6.Дұрыс ұйықтау, дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, қатаю сияқты салауатты өмір салтын ұстаныңыз.
Өзіңізді және жақындарыңызды коронавирустың ауыр ағымынан қорғаудың ең сенімді жолы-вакцинация!Вакцинация вирустың таралу мүмкіндігін төмендететінін және ауру кезінде асқыну қаупін айтарлықтай төмендететінін есте ұстаған жөн.