Әлеуметтік маңызды аурулар – бұл негізінен әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты, қоғамға зиян келтіретін және адамды әлеуметтік қорғауды қажет ететін аурулар.
Келесідей сипаттамалар тән:
- аурудың жаппай таралуы (халықтың арасында аурудың тез таралуы, оның ішінде қоғамда “жасырын” науқастардың едәуір пайызының болуы);
- науқастар санының жыл сайынғы өсуінің жоғары қарқынымен;
- айналасындағылар үшін айқын қауіп.
Біздің еліміздегі әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізбесі ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №ҚР ДСМ – 108/2020 "Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген.
Осы бұйрыққа сәйкес әлеуметтік маңызы бар аурулардың ішінде мынадай жұқпалы ауруларды бөліп көрсетеміз: туберкулез, адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ - инфекциясы) туындаған ауру және созылмалы вирустық гепатиттер.
2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша облысымызда туберкулезбен сырқаттанушылық бұрынғы деңгейде қалып отыр, көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 10,3 құрады, сырқаттанушылық құрылымында балалар арасында сырқаттанушылықтың 1,9 есе өсуі байқалады, көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 3,9 құрайды, жасөспірімдер арасында сырқаттанушылықтың 2,0 есе төмендеуі байқалады, көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 4,0 құрады.
2023 жылдың 1 тоқсанында облыс аумағында анықталған АИТВ жұқтырған адамдардың жалпы саны 23 адамды құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 4,6 есеге өсуі байқалады, өткен жылы 5 жағдай тіркелген. Облыс бойынша зақымдану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 3,7 құрайды.
Жыл басынан бері 2023 жылдың 1 тоқсанында облыста созылмалы гепатиттің 43 жағдайы тіркелді, оның ішінде созылмалы В гепатиті – 25 жағдай, созылмалы С гепатиті - 18 жағдай, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 7,04 құрады, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5 жағдайға артық, өткен жылы 38 жағдай тіркелген болатын, оның ішінде созылмалы В гепатиті-21 жағдай, созылмалы С гепатиті-17 жағдай.
Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізі халықты туберкулезге және гепатитке қарсы вакцинациялау жолымен нақты алдын алу, тұрақты профилактикалық тексерулерден өту және ағзаның қорғанысын арттыруға бағытталған шаралар: дұрыс еңбек режимін сақтау, ұтымды және уақтылы тамақтану, жаман әдеттерден бас тарту, көктемгі кезеңде мультивитаминдерді қабылдау, салауатты өмір салтын сақтау, халық арасында мәдениет деңгейі мен санитарлық сауаттылықтың артуы болып табылады.
Бүкіл медициналық қоғамдастықтың алдында тұрған басты міндет - жұқпалы аурулардың алдын алудың, диагностикалаудың және дифференциалды диагностикалаудың, оларды емдеудің барлық бағыттары мен практикалық аспектілерін біріктіру және қамту.
Алдын алу шараларын сақтаудың маңызы зор, өйткені аталған аурулар қазіргі заманғы денсаулық сақтаудың ең өзекті мәселелері және қоғам денсаулығына негізгі қауіптер қатарына жатады.