ҚЫЗЫЛША — ҚАУІПТІ ВИРУСТЫҚ АУРУ

ҚЫЗЫЛША — ҚАУІПТІ ВИРУСТЫҚ АУРУ

Қызылша — ауа-тамшы жолы арқылы тез таралатын, жұқпалы вирустық ауру.

АУРУДЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ:
- дене қызуының жоғарылауы;
- құрғақ жөтел;
- мұрыннан су ағу;
- конъюнктивит;
- әлсіздік және тәбеттің төмендеуі;
- алғашқы белгілер пайда болғаннан кейін 2–4 күн ішінде денеде бөртпенің пайда болуы.

Қызылша, әсіресе, кішкентай балаларда ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Олардың қатарында ортаңғы құлақтың қабынуы, пневмония, мидың қабынуы, көру және есту қабілетінің бұзылуы бар.

АЛДЫН АЛУ

Қызылшадан қорғанудың ең сенімді жолы — вакцинация.

Қазақстан Республикасының профилактикалық екпелерінің ұлттық күнтізбесіне сәйкес, қызылшаға қарсы вакцинация балаларға 12 айында және 6 жасында жүргізіледі.

Вакцинацияны уақытында алу баланы қызылшадан қорғауға, сондай-ақ аурудың ауыр өтуі мен асқыну қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАҢЫЗ!
ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ЕКПЕНІ УАҚТЫЛЫ АЛДЫРЫҢЫЗ.