Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – тиімді мемлекеттік қызметтің негізі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – тиімді мемлекеттік қызметтің негізі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – тиімді мемлекеттік қызметтің негізі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Қызметтік міндеттерді адал орындау, заңдылық, ашықтық және жариялылық қағидаттарын сақтау азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Әрбір мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауға, мүдделер қақтығысының туындауына жол бермеуге және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді болдырмауға міндетті.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда құқықтық түсіндіру жұмыстары, құқықтық мәдениетті арттыру, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы маңызды рөл атқарады.

Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Заң үстемдігін, әділдік пен мемлекеттік қызметтің тиімділігін қамтамасыз етуге тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана қол жеткізуге болады.