Облыстық семинар өткізілді

Облыстық семинар өткізілді

2026 жылғы 22 маусымда Департамент басшысының орынбасары А.Токтабаеваның төрағалығымен бейнеконференцбайланыс режимінде Департаменттің инфекциялық және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы А. Рахадилованың, зоолог маманы А. Сатандинованың, ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Абай бойынша филиалының эпидемиолог дәрігері С. Касымбекованың қатысуымен облыстық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарын кәсіби даярлауды арттыру және Абай облысының аумағында инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу жұмыстарын жүргізудің тиімділігін арттыру болды.
Семинарда келесі құрақтар қаралды:
• Абай облысындағы паразиттік және жұқпалы тері ауруларының эпидемиологиялық жағдайын талдау. Энтомологияның өзекті мәселелері.
• Зоологиялық және паразитологиялық жұмыстарды ұйымдастыру, зертханалық зерттеу үшін кенелерді жинау және дайындау әдістері.
• Жұқпалы және паразиттік аурулар ошақтарында қорытынды дезинфекция жүргізу, тосқауылдық дезинсекция және анофелогендік су айдындарын өңдеу.
Семинарға аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының, Ұлттық сараптама орталығы филиалының мамандарының басшылары мен мамандары қатысты.