
Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ұлттық сараптама орталығының филиалы және Абай облысы СЭБД Семей қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған семинар өткізілді.
Іс-шараға тамақ өнеркәсібі объектілерінің өкілдері, кәсіпкерлер және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласының мамандары қатысты.
Семинар барысында қатысушыларға қолданыстағы санитариялық қағидалардың талаптары бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді:
🔹 «№ ҚР ДСМ-36 Тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»;
🔹 «№ 62 Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
Тамақ өнімдерін өндіру объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау, өндірістік бақылауды ұйымдастыру, шығарылатын өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, семинар аясында:
«Ұнды фортификациялау және темір тапшылығы анемиясының алдын алу» тақырыбы қаралды.
Қатысушыларға ұнды дәрумендер мен микроэлементтермен байытудың темір тапшылығы жағдайларының алдын алудағы және халық денсаулығын ны�