
Жаз — инфекциялық аурулар кеңінен таралатын маусым. Инфекциялық ауруларды тудыратын микроорганизмдер лас жерлерде тез көбейіп, ауруды жылдам таратады. Жіті ішек инфекциясы — негізінен ас қорыту жолын зақымдайтын инфекциялық аурулар тобы. Оның пайда болуына негізінен бактериялар мен вирустар сияқты микроорганизмдер себеп болады.Инфекция көзі — ауру адам немесе ішек қоздырғыштарын тасымалдаушы. Микробтар науқастар мен тасымалдаушылардан қоршаған ортаға нәжіс, құсық және зәр арқылы бөлінеді. Аурудың берілу факторларына тамақ өнімдері, су, тұрмыстық заттар, ойыншықтар жатады, сондай-ақ кейбір инфекцияларды жәндіктер (шыбындар, тарақандар) тасиды. Сонымен қатар жіті ішек инфекцияларын жұқтыруға антисанитариялық жағдайлар, жеке бас гигиенасы ережелерін сақтамау, санитарлық талаптарға сай емес дайын тамақ өнімдерін тұтыну себеп болады.Аурудың белгілері: жиі сұйық нәжіс, құсу, тәбеттің болмауы, дене температурасының көтерілуі, әлсіздік. Негізінен балалар ауырады.Жіті ішек инфекцияларының алдын алу:жеке бас гигиенасы ережелерін сақтаңыз, көшеден үйге келгенде, тамақтану алдында және дәретханаға барғаннан кейін, тамақ дайындау алдында және дайындау кезінде қолды сабынмен мұқият жуыңыз; Балалардың қолын жууды ұмытпаңыз, оларды жеке бас гигиенасы ережелеріне үйретіңіз.жеміс-жидектер мен көкөністерді қолданар алдында жақсылап жуып, қайнаған сумен шайыңыз;тағамға термиялық өңдеуден өткен өнімдерді пайдаланыңыз;тез бұзылатын тамақ өнімдерін тек салқын жерде сақтаңыз, жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді пайдаланбаңыз;балалар ойыншықтары мен барлық тұрмыстық заттарды жүйелі түрде жуып, таза ұстаңыз.ішу үшін негізінен сапасы кепілдендірілген бөтелкедегі суды немесе қайнатылған суды пайдаланыңыз.үй мен аула аумағында тазалықты сақтаңыз.тағамды инфекция тасымалдаушысы болуы мүмкін жәндіктерден, кеміргіштерден және үй жануарларынан қорғаңыз, сондай-ақ шыбындар мен тарақандармен күрес жүргізіңіз.Осы ережелерді сақтау арқылы сіз өзіңізді және балаларыңызды, әсіресе ерте жастағы балалар үшін қауіпті инфекциядан қорғайсыз.Осы қарапайым ережелерді сақтаңыз және өзіңізді әрі жақындарыңызды қорғаңыз!