Аусыл туралы не білеміз?

Аусыл туралы не білеміз?

Аусыл — жануарлардың жіті вирустық ауруы. Ол негізінен ірі қара малды, шошқаны, ешкі мен қойды зақымдайды. Инфекция көзі — сілекейі, сүті, зәрі және ішек құрамымен вирус бөлетін ауру жануарлар.
Жануарлар жайылымда, суаттарда, қораларда жанасу арқылы, сондай-ақ күтім құралдары, жем-шөп, су, төсеніш және қызметкерлердің киімі арқылы жұқтырады.
Адам ауру жануарларды күту кезінде, жұқтырылған заттармен байланыс жасағанда, сондай-ақ ауру малдан алынған шикі сүт пен сүт өнімдерін тұтынғанда жұқтыруы мүмкін. Ауру адамнан адамға берілмейді.
Алдын алу үшін мыналар қажет:
тек қайнатылған немесе пастерленген сүтті пайдалану;
қолайсыз шаруашылықтардан алынған шикі ет пен сүт өнімдерін қолданбау;
жануарларды күту кезінде жеке гигиена ережелерін сақтау;
арнайы киім пайдаланып, оны үнемі залалсыздандыру;
етті тек ветеринариялық-санитариялық таңбасы болған жағдайда ғана сатып алу.
Аусылдың алдын алуда фермаларда, мал сою орындарында және өнім өңдеу кәсіпорындарында санитариялық-ветеринариялық бақылау жүргізу, сондай-ақ жануарларды вакцинациялау маңызды рөл атқарады.