
11–17 мамыр аралығында тұзды шамадан тыс тұтынудың 🧂 зияны туралы ақпараттандыру апталығы өтеді.
Науқанның мақсаты — тұздың денсаулыққа әсері туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру және оны тұтынуды азайтуға бағытталған әрекеттерге шақыру.
🔄 Апта бойы біз осы тақырып бойынша пайдалы посттармен бөлісіп отырамыз.
Тұзды көп тұтыну жоғары қан қысымы, жүрек-қантамыр аурулары 🫀 және #инсульт қаупін арттырады.
❗️Әрқайсымыз қарапайым қадамдардан бастай аламыз:
✔️ өңделген өнімдердің орнына жаңа тағамдарды таңдау
✔️ тағамды азырақ тұзбен дайындау
✔️ қаптамадағы тағамдық ақпаратты оқып, тұзы аз өнімдерді таңдау