
Мониторинг балаларға профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу талаптарының сақталуын, соның ішінде иммунобиологиялық дәрілік препараттарды сақтау және тасымалдау кезінде барлық деңгейде «суық тізбектің» қамтамасыз етілу талаптарының сақталуын, сондай-ақ туберкулездің алдын алу мәселелерін тексеру мақсатында жүргізіледі.
Кеңес барысында профилактикалық егулермен қамту, профилактикалық егулермен қамту бойынша есептік нысандарды (№ 4 нысан) қалыптастыру, сондай-ақ «Вакцинация» модулінің деректерімен анықталған сәйкессіздіктер мәселелері қаралды. № 4 қағаз нысаны мен «Вакцинация» модуліндегі есептер арасындағы сәйкессіздіктерді жою бойынша іс-қимыл алгоритмі әзірленді.