2025 жылғы 24 ақпанда Аягөз ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары О.Ж. Бекбаевтың төрағалығымен Аягөз ауданының аумағында, соның ішінде дислокацияланған әскери бөлімдерде, қызылша эпидемиологиялық жағдайына байланысты жедел штаб отырысы өтті

2025 жылғы 24 ақпанда Аягөз ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары О.Ж. Бекбаевтың төрағалығымен Аягөз ауданының аумағында, соның ішінде дислокацияланған әскери бөлімдерде, қызылша эпидемиологиялық жағдайына байланысты жедел штаб отырысы өтті

Отырыс гибридтік форматта өтті. Жедел штаб отырысына Абай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің орынбасары А.Токтабаева, инфекциялық және паразитарлық ауруларға эпидемиологиялық бақылау бөлімінің жетекшісі А.Серікбаева, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері санитариялық-эпидемиологиялық орталығының басшысы (медициналық қызмет подполковнигі) А.Арызбаганбетов, Қарулы Күштер Бас әскери-медициналық басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өкілдері (медициналық қызмет майоры) Н.Дузумбетов, Аягөз қалалық әскери госпиталі (медициналық қызмет майоры) Б.Ташпулатов, «Шығыс» орталығы филиалының санитарлық-эпидемиологиялық бөлімі (медициналық қызмет капитаны) Р.Тожибаев, сондай-ақ Аягөз аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары: басшы Д.Жұмақанов, орынбасары Г.Айдарханова, эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Р.Темірбеков қатысты. Сонымен қатар, Аягөз аудандық ауруханасының инфекционист дәрігері А.Сәрсембаева және иммунолог дәрігер А.Мейрамқұлова, сондай-ақ «Қазыгүл» мекемесінің эпидемиолог дәрігері К.Наурызбайқызы қатысып, баяндама жасады.
Отырыстың барысында департаменттің ағымдағы эпидемиологиялық жағдай, аурушаңдықты талдау және қабылданған шаралар бойынша баяндамалары тыңдалды. Арнайы назар алдын алу, уақтылы вакцинация және ведомствоаралық өзара әрекеттесу мәселелеріне аударылды.
Жедел штаб отырысының қорытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған нақты шешімдер қабылданып, тиісті тапсырмалар берілді.