Ботулизм мен тамақтан уланудың алдын алу

Ботулизм мен тамақтан уланудың алдын алу

Үй жағдайында әзірленетін түрлі салаттар мерекелік және күнделікті өмірде дайындалатын дастарханның сәні болып табылады. Алайда дұрыс дайындалмаған өнімдерді (үй жағдайында дайындалған консервілер) тұтыну салдары ботулизм ауруының тіркелінуіне себепкер болуы әбден мүмкін.
Ботулизм ауруының улы таяқшалары ауасыз кеңістікте дамиды. Ерекшелігі де міне осында, яғни тағамның түсі, түрі еш өзгеріссіз қалпында қалады. Аурудың ерте белгілеріне аз уақыт ішінде байқалатын тамақтан улану симптомдары жатады (жүрек айну, құсу, бас ауру) одан кейін ботулизм ауруына тән жүйке жүйесінің жұмысының бұзылуы белгілеріне ауысады (көз еттерінің жансыздануы, қарашығының үлкеюі, заттарды қосақтап көру-диплопия, жарыққа реакцияның болмауы, таңдай еттерінің, тамақтың, кеңірдектің жансыздануы, жұту, шайнау актілерінің бұзылуы және т.б).
Ағымдағы жылы Абай облысы бойынша ұйымдасқан ұжымдарда және қоғамдық тамақтану орындарында жаппай тағамнан улану және «ботулизм» ауруының жағдайлары тіркелмеді. Бұл бағытта санитариялық ағарту жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Міне бүгін де, насихаттау жұмыстарын жүргізе келе, азық түлік өнімдерін тасымалдау, әзірлеу, дайындау, сақтау мен жеке бас гигиенасы талаптары сақталмау жағдайлары тамақтан улану мен өткір ішек жұқпалы ауруларының орын алуына бірден бір негізгі себептері болу мүмкін екенін еске сала отырып, жоғарыда аталған аурулардың алдын алу бағытында төмендегі көрсетілген қағидаларды ұстануды ұсынамыз:
- көшеден үй жағдайында дайындалған салаттар мен консервіленген тағамдарды сатып алмау;

- консервіленген тағамдарды пайдаланар алдын оның сатылуы мерзіміне және ақпақтың көтерілуінің, яғни герметикалық қораптың бұзылуының бар-жоқтығына назар аудару;
- үй жағдайында консервіленген көкөністерді, жемістерді және саңырауқұлақтарды пайдаланар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізу;
- жеке бас гигиенасын сақтау, қолыңызда жарақат болса ас әзірлеуге қатыспау
- абзал немесе үй жағдайында бір реттік қолғап киіп әзірлеу;
- көкөністерді, жемістерді пайдаланар алдында таза ағынды сумен мұқият жуу;
- азық түлік өнімдерін сақтауда сақтау нұсқамаларына қарау, сақтау мерзімі өтіп кеткен өнімді пайдаланбау, дайын тамақтарды әсіресе салаттарды бөлме температурасында сақтамау.
Ауру белгілерінің алғашқы белгілері (жүрек айну, құсу, бас ауру, диарея) сыр бере бастағаннан уақыт жоғалтпай дәрігерге қаралыңыз!
Жоғарыда аталған ұсыныстарды назарға алып оны сақтау – өзіңіздің және отбасыңыздың денсаулығына кепілдік бола алады!