Сүт және сүт өнімдерін таңдау бойынша ұсынымдар

Сүт және сүт өнімдерін таңдау бойынша ұсынымдар

Сүт және сүт өнімдері — ақуыздың, кальцийдің, дәрумендер мен минералдардың көзі. Олар сүйектерді нығайтуға, жүрек жұмысына және зат алмасуға пайдалы.

Сатып алар алдында қаптамасына назар аударыңыз:
• Өнімнің атауы, өндірушінің атауы, заңды мекенжайы, шыққан елі.
• Тауар белгісі (болған жағдайда).
• Таза салмағы (нетто).
• Құрамы және майдың массалық үлесі (ірімшік үшін — құрғақ заттағы май үлесі).
• Құрамында сүт бар өнімдердегі сүт майының мөлшері.
• Пробиотикалық микроорганизмдер саны (1 г өнімдегі КОЕ).
• Дәрумендер, микро- және макроэлементтердің мөлшері және тәуліктік нормасы туралы ақпарат.
• Жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары.

Пайдалы:
• Күніне 1–2 стақан сүт ішу сүйектерді нығайтуға және остеопороз қаупін азайтуға көмектеседі.
• Төмен калориялы сүт өнімдері салмақты азайтуға және 2-типті қант диабетінің алдын алуға ықпал етеді.

Сақ болыңыз:
• Лактозаға төзімсіздік болған жағдайда сүт өнімдерін шектеу қажет.
• Шикі сүттің құрамында қауіпті микроорганизмдер болуы мүмкін — оны ішер алдында міндетті түрде қайнату керек.
• Кездейсоқ адамдардан сүт сатып алмаңыз — өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттарын сұраңыз.
• Тексерілген өндірушілер мен сенімді дүкендерді таңдаңыз.