
📌 Халыққа ескерту
Интернет арқылы дайын тағамға тапсырыс бергенде, тағамнан уланудың алдын алу және денсаулықты сақтау үшін қарапайым сақтық шараларын сақтау маңызды.
✅ 1. Сенімді мекемелерді таңдаңыз
Тапсырысты тек ресми түрде жұмыс істейтін, беделі жақсы және оң пікірлері бар кафе мен мейрамханалардан беріңіз.
✅ 2. Жеткізу шарттарына назар аударыңыз
* Жеткізу уақыты тым ұзақ болмауы тиіс.
* Ыстық тағамдар ыстық күйінде, салқын тағамдар салқындатылған күйде жеткізілуі керек.
* Қаптамасы бүтін, таза және герметикалық түрде жабық болуы қажет.
✅ 3. Тағамның сыртқы түрі мен иісін тексеріңіз
Тағамды тұтынбаңыз, егер:
* бөгде немесе жағымсыз иіс болса;
* түсі немесе консистенциясы өзгерген болса;
* қаптамасының бүтіндігі бұзылған болса.
✅ 4. Сақталу мерзімін ескеріңіз
Майонез қосылған салаттар, роллдар, сүтті және кремді десерттер тез бұзылатын тағамдарға жатады және тиісті температурада сақталуы қажет.
✅ 5. Құрамын нақтылаңыз
Аллергиясы немесе созылмалы аурулары бар адамдарға, сондай-ақ балаларға тағамның құрамын және ықтимал аллергендердің бар-жоғын алдын ала нақтылау қажет.
✅ 6. Ұзақ сақтамаңыз
Дайын тағамды жеткізілгеннен кейін дереу тұтынған жөн. Қажет болса, тек тоңазытқышта белгіленген мерзімде сақтаңыз.
⚠️ Осы ұсыныстарды сақтау тағамнан улану қаупін азайтуға және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.