Жедел ішек инфекциялары

Жедел ішек инфекциялары

Жедел ішек инфекциялары – асқазан-ішек жолдарын негізінен зақымдайтын инфекциялық аурулар тобы.

Инкубациялық кезеңі:
Қоздырғыш организмге түскеннен кейін 2 сағаттан 7 күнге дейін созылады.

Негізгі белгілері:
• әлсіздік, селқостық, жалпы мазасыздық;
• дене қызуының көтерілуі;
• тәбеттің төмендеуі немесе болмауы;
• іштің ауыруы;
• жүрек айну, құсу;
• жиі сұйық нәжіс.

Инфекция көзі:
• ауру адам (аурудың айқын немесе өшкен түрімен);
• қоздырғышты тасымалдаушы.

Қоздырғыштың бөліну жолдары:
• нәжіспен,
• құсық массаларымен.



Алдын алу шаралары
• Жеке гигиена мен тұрмыстық гигиена ережелерін сақтау.
• Тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу (оның ішінде балалар қоспаларын дайындау үшін).
• Бүлінетін тағамдар мен дайын асты тоңазытқышта сақтау, сақтау мерзімін қадағалау.
• Тамақты қолдан немесе белгіленбеген орындардан сатып алмау.