Вакцинацияға "иә" деудін 7 себебі

Вакцинацияға "иә" деудін 7 себебі

Бүгінде вакцинация төңірегінде түрлі пікір мен ақпарат көп. Алайда денсаулыққа келгенде тәуекелге баруға болмайды. Сондықтан қауесет пен қорқынышқа емес, дәлелді медицина мен ғылыми негізделген деректерге сүйену маңызды.

Вакцинацияны таңдауға себеп болатын 7 негізгі дәлелді ұсынамыз:

1️⃣Жұқпалы аурулар жойылған жоқ.
Вирустар мен бактериялар әлі де айналымда. Ал адамдардың жиі сапарға шығуы инфекциялардың тез таралуына жол ашады. Қызылша, көкжөтел, дифтерия сияқты аурулардың екпе алмағандар арасында қайта тіркелуі соның айқын дәлелі.

2️⃣ Вакцинация адам өмірін сақтайды.
Соңғы ондаған жылда иммундау бағдарламалары, әсіресе балалар арасында, миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Вакциналар ауыр жұқпалы аурулар мен олардың асқынуларының алдын алады.

3️⃣ Бұл – денсаулыққа қамқорлықтың негізі.
Дұрыс тамақтану мен дене белсенділігі сияқты, вакцинация да салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі.

4️⃣ Вакциналар қауіпсіздік тұрғысынан қатаң тексеруден өтеді.
Оларды әзірлеу мен қолдануға енгізу бірнеше кезеңнен тұрады. Ауыр жағымсыз әсерлердің қаупі инфекция салдарынан болатын асқынулармен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

5️⃣ Профилактика – емдеуден әрдайым тиімді әрі үнемді.
Ауру – бұл аурухана, дәрі-дәрмек, тексерулер және жұмыс күндерінің жоғалуы. Вакцинация артық шығыннан сақтап, отбасылық бюджетті қорғауға көмектеседі.

6️⃣ Екпеден ауру жұғуы мүмкін емес.
Вакцина «ауру жұқтырмайды», ол иммунитетті жаттықтырады: ағза инфекцияны алдын ала танып, өздігінен қорғануды үйренеді.

7️⃣ Вакцинация – айналаңыздағы адамдарды да қорғайды.
Екпе алу арқылы сіз өзіңізбен бірге балаларыңызды, қарт ата-анаңызды және инфекция аса қауіпті адамдарды да қорғайсыз.

Маңызды: вакцинация – медицинадағы ең көп зерттелген әрі сенімді профилактикалық әдістердің бірі. Оның тиімділігі мен қауіпсіздігі ондаған жылдар бойы жүргізілген ғылыми зерттеулер мен практикалық тәжірибе арқылы дәлелденген..