Жедел жұмыс кеңесі өткізілді

Жедел жұмыс кеңесі өткізілді

2026 жылғы 27 қаңтарда онлайн форматта басшы міндетін атқарушы А. Токтабаеваның төрағалығымен Ақсуат ауданындағы жануарлар арасында құтыру ауруының эпизоотиялық жағдайына байланысты, халық арасында құтыру жағдайларының алдын алу мақсатында қабылданып жатқан профилактикалық және індетке қарсы іс-шаралар мәселесі бойынша жедел жұмыс кеңесі өткізілді. Кеңеске Ақсуат аудандық ауруханасының басшысы, дәрігерлік амбулаториялардың, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттердің меңгерушілері мен медицина қызметкерлері, сондай-ақ ауданның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы мен мамандары қатысты.

Кеңес барысында індет ошағына эпизоотиялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізу, жоспарлы вакцинациямен қамтылуға тиіс халықты қамту, құтыру вирусын жұқтыру қаупіне ұшыраған адамдарды антирабиялық вакцинамен және антирабиялық иммуноглобулинмен иммундау, сондай-ақ тістелу, тырналу немесе сілекейлену салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету мәселелері және аудан елді мекендерінде жүргізілген үй-үйді (пәтерлік) аралау нәтижелері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша төмендегілер қабылданып, ұсынылды:

- ауданның медициналық ұйымдарына халықтың кез келген жүгінуі кезінде медицина қызметкерлерінің құтыруға қатысты эпидемиологиялық тияқтылығын қамтамасыз ету, жануарлар тарапынан тістелу, тырналу немесе сілекейлену фактілерін, сондай-ақ байланыста болған адамдарды анықтау мақсатында эпидемиологиялық анамнезді мұқият жинау;

- жоспарлы құтыруға қарсы вакцинациямен қамтылуға тиіс халықты 100%  егілуін қамтамасыз ету;

- құтыру вирусын жұқтыру қаупіне ұшыраған адамдарды (көрсетілімдер бойынша) антирабиялық вакцинамен және антирабиялық иммуноглобулинмен 100% иммундауды, сондай-ақ жануарлар тістеген, тырнаған немесе сілекейлену салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету;

- құтыру вирусын жұқтыру қаупіне ұшыраған және профилактикалық егулерді қажет ететін адамдарды (аты-жөні бойынша) белсенді анықтау, сондай-ақ халық арасында байланыста болған адамдарды белгілеу мақсатында ауданның елді мекендерінде үй-үйді (пәтерлік) аралаумен 100% қамтуды қамтамасыз ету;

- құтырудың алдын алу, оның клиникалық белгілері, медициналық көмекке уақтылы жүгінудің және вакцинация жүргізудің маңыздылығы мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу (жадынамалар мен брошюралар тарату, әңгімелер мен дәрістер өткізу, баспа БАҚ-та жарияланымдар, бұқаралық ақпарат құралдарында – теледидар, радио және т.б. арқылы сөз сөйлеу);

- медицина қызметкерлері арасында жануарлар тістеген жағдайда диагностика, профилактика және іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту семинарларын өткізу.