Таза қол — денсаулық кепілі!

Таза қол — денсаулық кепілі!

Қолды жуыңыз — денсаулығыңызды қорғаңыз!

Қол жуу — жұқпалы аурулардың (ЖРВИ, тұмау, ішек инфекциялары) алдын алудың қарапайым әрі тиімді тәсілі.

Қолды міндетті түрде жуыңыз:
• тамақ ішер алдында;
• дәретханадан кейін;
• көшеден келген соң;
• жануарлармен және қоқыспен байланыстан кейін;
• жөтелгеннен немесе түшкіргеннен кейін.

Қолды дұрыс жуу ережелері:
• жылы су мен сабынды пайдаланыңыз;
• қолды кемінде 30 секунд жуыңыз;
• алақанды, қолдың сыртын, саусақтар мен тырнақтарды мұқият жуыңыз;
• қолды таза сүлгімен немесе кептіргішпен құрғатыңыз.

Аурушаңдық артқан кезеңде қолды жиі жуыңыз.
Балаларды жеке бас гигиенасы ережелеріне үйретіңіз.

Таза қол — денсаулық кепілі!