
Адам папиллома вирусы (АПВ) қол алысу, сүйісу, терідегі жарақаттар арқылы жұғуы мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез тарайды, сондықтан қоғамдық орындарда – сауна, монша, спортзал, әжетхана, бассейнге барғанда абай болу қажет.
Онкогенді түрлері жыныстық жолмен берілген жағдайда жыныс мүшелерінде орналасатын үшкір сүйелдердің (кондиломалардың) пайда болуына әкеледі.
Вирус тігінен, яғни босану кезінде анадан балаға жұғады. Нәтижесінде нәрестелердің алғашқы жылдарында ауыз қуысында немесе терісінде сүйелдер пайда болуы мүмкін.
Өздігінен жұқтыру жолы да бар – қырыну немесе эпиляция кезінде АПВ дененің бір бөлігінен екіншісіне таралуы мүмкін.
Жоғары қауіпті 16 және 18 типті АПВ жатыр мойны обырының негізгі себебі болып табылады. Бұл аурудың алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация.