
Қызылша — ауа тамшы арқылы берілетін жоғары жұқпалы вирустық ауру.
⚠️ Қызылшаның қауіптілігі:
Қызылша келесі сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін:
• отит (құлақтың қабынуы),
• пневмония (өкпенің қабынуы),
• энцефалит (ми қабынуы).
🩺 Қызылшаның белгілері:
• жоғары температура;
• мұрынның бітелуі, жөтел;
• конъюнктивит (көздің қызаруы);
• денеге бөртпе шығуы.
💉 Алдын алу:
Қызылшадан вакцина алу арқылы ғана қорғануға болады.
Қызылшаға қарсы екпе мына жаста жасалады:
• 1 жас,
• 6 жас (қайта егiлу).
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Екпеден бас тартпаңыздар — балаңыздың денсаулығы өз қолдарыңызда!