
Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру мемлекеттік қызмет болып табылады.
Осы қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі “Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы N°ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен регламенттелген:
1) лицензия алу үшін:
- бекітілген нысан бойынша өтініш;
- денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
- әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік үй-жайларға (дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын пайдалана отырып, қармақжемдерді, тұзақтарды, жұмыс ерітінділерін дайындау және (немесе) өлшеп орау үшін арнайы жабдықталған), сондай-ақ дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын және (немесе) препараттарын сақтау объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі;
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде:
- № 3 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша өтініш;
- ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші “электрондық үкімет” шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекция, дезинсекция және дератизация жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері лицензия алуға міндетті.