Вакцинациясыз біз қызылша, көкжөтел, менингит, сіреспе, полиомиелит және т. б. сияқты ауыр аурулардың қаупіне ұшыраймыз.
Бұл аурулардың көпшілігі өмірге қауіп төндіреді. ДДСҰ болжамы бойынша, вакциналар жыл сайын 4 миллионнан астам адамның өмірін сақтайды.
Вакцинация ата-аналар мен заңды өкілдердің ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі.
Иммундау жеке адамды ғана емес, айналасындағыларды да қорғайды. Егер көпшілік (халықтың 90-95%) егілсе, онда табын иммунитеті қалыптасады.
Осылайша, қоғамның денсаулығы әр адамның таңдауына байланысты.
Екпе алыңыз! Жақындарыңызды аурудан қорғаңыз.