
Семинар-кеңесте келесі сұрақтар талқыланды:
-тырысқақ бойынша лабораториялық диагностиканың өзекті мәселелері, Сагатова М.Е. ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы АҚЖ зертхана меңгерушісі баяндады;
-2025 жылғы 4 ай бойынша зертханалық зерттеулер жоспарын орындау, Садыкова Ш.Б. Абай облысының СЭБД аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді бақылау бөлімінің басшысы баяндады;
- тырысқақ ауруына гемокультуралық зерттеу жүргізу бойынша, Кумарова А.М. ҚР ДСМ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Абай облысы бойынша филиалы бактериологиялық зертхана дәрігері баяндады;
- ауылдық денсаулық сақтау обьектілеріне рұқсат құжаттарын беру (санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) туралы, Баимолдина А.А. Абай облысының СЭБД ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің бас маманы баяндады. Zoom режимде 35 адам қатысты. Қойылған сұрақтарға жауап берілді.