Көкжөтел-Bordetella pertussis бактериясы тудыратын жұқпалы ауру. Көкжөтел көбінесе балаларда пневмония, бронхит, плеврит, синусит, отит, мұрыннан қан кету, құрысулар, мидың зақымдануы және дамуының тежелуі сияқты асқынуларды тудыруы мүмкін.
Көкжөтелдің белгілері:
* мұрын бітелуі;
* дене температурасының жоғарылауы;
* жөтел;
* кішкентай балалардағы еріндер мен саусақ ұштарындағы көгерулердің пайда болуы.
Көкжөтелдің негізгі алдын алу шарасы вакцинация болып табылады.
Көкжөтелге қарсы вакциналар тиімді және қауіпсіз.
Вакциналар 2-4, 18 айлық және 6 жастағы балаларға беріледі.
Балаларды дер кезінде вакцинациялаңыз!