«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы » Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабы 24-тармағына сәйкес, бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттың сауда атауына белгіленетін шекті баға- бағалық реттеуге жататын дәрілік заттар тізбесіне енгізілген дәрілік заттың сауда атауына қойылатын баға болып табылады, одан жоғары бағамен бөлшек саудада өткізуге жол берілмейді.
Осыған байланысты «Дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекіту туралы» ҚР ДСМ №ҚР ДСМ-94 бұйрығы бекітілді.
Қазіргі уақытта шекті бағалар 4994 дәрілік заттың сауда атауына бекітілген. Тағы 1707 рецептісіз дәрілік заттар мемлекеттік реттеуден шығарылып, уәкілетті орган тарапынан тұрақты мониторинг жүргізіле отырып, нарықтық бағамен сатылуда. Қазақстанның фармацевтикалық нарығында мемлекеттік реттеудегі бірқатар дәрілік заттардың бағасының төмендеуі байқалады.
2025 жылдың 4-тоқсанынан бастап 2026 жылдың 1-тоқсанына дейін ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің БҚО бойынша департаменті өңірде сатылатын дәрілік заттарға ай сайын мониторинг жүргізді. Зерттеуге бес фармакологиялық топқа жататын 70 дәрілік заттың сауда атауы енгізілді: вирусқа қарсы, қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, жүрек-қан тамыр жүйесіне арналған дәрілік заттар, сондай-ақ асқазан-ішек жолы ауруларын емдеуге арналған құралдар.
Ағымдағы жылдың сәуір айы бойынша, маусым айымен салыстырғанда келесі дәрілік заттар бойынша бағаның төмендеуі байқалды: Антарис 59%↓ (маусым-3590тг, наурыз-1470тг), Аугментин 29%↓ (маусым-4590тг, наурыз- 3260тг), Ациклостад 33%↓(маусым-11890тг, наурыз- 7997тг.) , Аэртал 35%↓ ( маусым-6860тг, наурыз-2410 тг) , Бисопролол-Тева 33%↓, Гентамицин сульфат 9%↓, Зитмак 37%↓, Клопидогрель-Тева 69%↓, Нольпаза 56%↓, Сиспрес 33%↓, Цефяпс 40%↓, Форсига 12%↓, Цифран 24%↓.
Сонымен қатар, шекті бағаларды Naqty Onim мобильді қосымшасы арқылы білуге болады. Егер осы қосымша арқылы шекті бағадан жоғары екені анықталса, е-Өтініш арқылы мемлекеттік органға шағым беруге болады.