Этика жөніндегі уәкіл мен департаменттің жұмыс жоспарын іске асыру аясында Батыс Қазақстан облысы медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қатысуымен 2026 жылдың 30 наурызында семинар өтті. Семинардың мақсаты:
- Этикалық кодекс және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарын сақтау; мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы; қызметтік тәртіп; мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы; мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік кепілдіктер; мемлекеттік қызметті тоқтату; қаржылық бақылау шаралары; сыбайлас жемқорлық шектеулері; мүдделер қақтығысы; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар; сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру; сыбайлас жемқорлық стандарттары; мемлекеттік функцияларды орындаумен сәйкес келмейтін қызмет; жақын туыстар, жұбайлар немесе қайын туыстардың бірлескен қызметінің болмауы; Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан шетелдік банктерде шоттар (депозиттер) ашу, иелену, қолма-қол ақша және құнды заттарды сақтау; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері мен олардың өкілеттіктері; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының салдарын жою.
- Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған немесе оны тоқтатқаннан кейін қайта қабылданған азаматтарға мыналар бойынша оқыту жүргізу: мемлекеттік қызметте болуымен байланысты сыбайлас жемқорлық тыйымдары мен шектеулер: а) педагогикалық, ғылыми және басқа шығармашылық қызметтен басқа басқа ақы төлейтін қызметпен айналысу; б) кәсіпкерлік қызметпен айналысу; в) мемлекеттік органда қызмет атқарған кезде үшінші тұлғалардың мүддесін білдіру немесе оған тікелей бағынатын немесе бақылаудағы мемлекеттік органда болу; г) мемлекеттік қызметтік қызметіне материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты жеке мақсатта пайдалану; д) мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және лауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге қатысу, соның ішінде ереуілдер; е) лауазымдық өкілеттіктерді орындау барысында азаматтар мен заңды тұлғалардың қызметтерінен жеке мақсатта пайдалану; мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика стандарттарын сақтау;
- Іскери этиканы және ресми мінез-құлық ережелерін сақтау, ойын-сауық мекемелеріне барудан бас тарту, сондай-ақ өз діни сенімдерін таңу, бағынушыларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері бойынша түсіндірмелік жұмыстар жүргізу.
- Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі» туралы Заңында көзделген анықтамаға сәйкес, ойын-сауық орталықтарында азарттық ойындарға және (немесе) бәстерге қатысуға антикоррупциялық шектеулерді бұзу, сондай-ақ, азарттық ойындарға және (немесе) бәстерге белгіленбеген орындарда немесе телекоммуникация желілері, оның ішінде Интернет желісі арқылы өткізілетін азарттық ойындарға және (немесе) бәстерге қатысу;
- мемлекеттік қызметкерлердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуы;
- мемлекеттік қызметкерлердің қоғамдық орындарда алкогольдік және (немесе) есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық мас күйінде пайда болуы;
- медициналық емес мақсатта есірткі заттарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды пайдалану;
- алкогольдік және (немесе) есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық мас күйінде көлік құралын басқару;
- мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілік және сексуалдық зорлық-зомбылық көрсету;
Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің қызметкерлері қатысты.
Спикер:-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Сағидоллаұлы Ибрашев.
Семинар барысында спикер өзекті қауіптер туралы баяндап, олардың алдын-алу шараларын түсіндірді. Семинар конструктивті диалог және пікір алмасу форматында өтті, корпоративтік мәдениетті дамытуға ықпал етті.