Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмыс жоспарын орындау мақсатында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартуға жол бермеу, сондай-ақ әйелдерге қатысты кемсітушіліктің алдын алу мәселелеріне арналған семинар өтті.
Іс-шараға Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысты.
Спикерлер:
– «Центр семьи «Ақ отау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Г. Искалиева;
– Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің дінтанушы маманы М.М. Набиталиев.
Семинар барысында спикерлер өзекті тәуекелдер туралы айтып, олардың алдын алу шараларын түсіндірді.
Семинар сындарлы диалог пен ашық пікір алмасу форматында өтіп, корпоративтік мәдениетті дамытуға ықпал ететіні атап өтілді.