Қалалық емханалармен “Рецептурлық сауаттылық” тақырыбын сеиинар өткізілді

Қалалық емханалармен “Рецептурлық сауаттылық” тақырыбын сеиинар өткізілді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті сәуір айының бірінші жартысында Орал қаласы бойынша «№1 қалалық емхана», «№2 қалалық емхана», «№5 қалалық емхана», «№6 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-на барып емхана дәрігерлерімен «Рецептуралық сауаттылық» тақырыбына семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты - Орал қалалық емханасының дәрігерлерінің рецептер жазудағы жиі кездесетін қателіктерін азайту және болдырмау. Дәрігерлерге №ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығы аясында рецептерді дұрыс жазу тәртібі түсіндіріліп, электрондық рецепттерге байланысты мәселелер қаралды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы кодексінің 82- бабына сәйкес, медицина қызметкерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген, рецептер жазып беру жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.