Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің БҚО бойынша Департаментінде 2025 жылдың 23 маусымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау «Ашық есік күні» өткізілді. Қабылдауды бөлім басшысы Р.С. Даумова, бөлім басшысы Б.С. Хамзина және әдеп жөніндегі уәкілі Б.Ж. Султанов жүргізді.
Азаматтарды қабылдау кезінде сұрақтарға толық көлемде жауаптар берілді және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтер көрсету мен медициналық қызметтер жөніңде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.