Мемлекеттік рәміздер күніне орай

Мемлекеттік рәміздер күніне орай

2025 жылы 4 маусымда Батыс Қазақстан облысының Орал қаласы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің алаңында Мемлекеттік Туды жалпы республикалық деңгейде көтеру рәсімі өткізілді, сондай-ақ бір мезгілде Мемлекеттік Әнұран орындалды.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары осы мерекелік іс-шараға белсенді қатысты.

Бұл іс-шара мемлекеттік рәміздерді насихаттауға және құрметтеуге бағытталған.