2025 жылғы 21 мамырда Департамент өз алаңында БҚО прокуратурасы өкілдерінің және уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды заңсыз әкелуге және заңсыз айналымға қарсы бірлескен іс-қимылдарды іске асыру жөнінде бірыңғай алгоритм әзірлеу бойынша кезекті кеңес өткізілді. Кеңесте мемлекеттік органдардың тіркеусіз және медициналық қолдауға рұқсат етілмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдау, сақтау және өткізу бойынша құқыққа қарсы іс-қимылдардың алдын-алу және оларға жол бермеу жөніндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Шыққан тегі белгісіз дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдағаны, сақтағаны және өткізгені үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары мен алынған табысы тәркіленіп, әкімшілік айыппұл көзделгенін ескертеміз.