2025 жылдың 16 мамырында ZOOM қосымшасы арқылы ҚР ДСМ Медициналық жане фармацевтикалық бақылау комитеті нұсқауымен Департамент мамандары және «Қазақтелеком» АҚ қызметкері Людмила Горчинская таңбаланған дәрілік заттарды айналымнан шығару мәселесі бойынша тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесімен оқыту бойынша кеңес өткізді.

Өткен кеңесте, «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері дәрілік заттарды айналымнан шығару бойынша ақпараттармен таныстырып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берді.Таңбаланған дәрілерді айналымнан шығару:Тауарды өткізу кезінде таңбаланған дәрілерді айналымнан шығару процесі қаптамадағы таңбалау кодын сканерлеу жолымен жүзеге асырылады.Дәріханада орнатылған кассалық жабдықтың түріне байланысты таңбаланған дәрілерді айналымнан шығарудың әртүрлі нұсқалары бар. 2D-сканер арқылы таңбалау кодын сканерлеу арқылы таңбаланған дәрілерді айналымнан автоматты түрде шығаруға болатындығы жеткізілді.

Смартфондағы WEB-кассалар: смартфондағы веб-кассаны пайдаланғанда 2D-сканерді сатып алудың қажеті жоқ, таңбаланған дәрілер смартфонның көмегімен кодты сканерлеу кезінде айналымнан автоматты түрде шығарылатындығы айтылды.

POS-терминал:егер дәріханада екінші деңгейдегі банктердің ескі үлгідегі Pos-терминалы орнатылған болса, жаңартылған жабдықты алу үшін терминалға қызмет көрсететін банкке жүгіну қажет. Жаңартылған Pos-терминал таңбалау кодтарын сканерлеуге және таңбаланған дәріні сату кезінде фискалдық чекті шығаруға мүмкіндік береді.

Бірыңғай оператордың мобильдік қосымшасы: таңбаланған дәрілермен жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін бірыңғай оператор тегін мобильдік қосымша әзірледі (қосымшаны пайдалану үшін мобильдік ЭЦҚ болуы қажет). Оны смартфонға көшіріп алып, құжаттармен жұмыс істеу, дәрі-дәрмектерді қабылдау және сату кезінде оларды айналымнан шығару үшін пайдалануға болады. Алайда бұл мобильдік қосымша фискалдық чек бермейді, сондықтан дәріханада орнатылған аппарат арқылы чекті өткізу қажет болады. Чекті өткізгеннен кейін сату туралы ақпарат фискалдық деректер операторына түседі, ол таңбалау жүйесіне таңбалау кодын айналымнан шығару туралы ақпаратты беретіндігі айтылды.

Осылайша, таңбаланған дәрілік заттарды айналымнан шығару мәселесі бойынша:дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу субъектілеріне қажетті ақпараттар жеткізілді.