Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті
Әдеп жөніндегі уәкілі Самалова Жаннат Самалқызы мен бас маман А. Калиева,
Мереке қарсаңында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы туралы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 05 мамырдағы № -03-19/478-И келіп түскен хаты бойынша мемлекеттік органдардың қызметшілерін мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін сақтау бойынша жаднамасымен таныстыру бойынша оқыту семинар өткізілді.
Семинар барысында Департамент қызметкерлеріне жаднаманың келесі негізгі аспектілері түсіндірілді:Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс және екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленген.Бүгінгі күні мемлекеттік қызметте икемді жұмыс кестесінің тәртібі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 120 бұйрығында белгіленді.