Фармацевтикалық қызмет саласындағы өзекті мәселелер бойынша семинар-кеңес өтті
2025 жылғы 27 маусымда Жетісу облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Департаментінде өңірдегі дәріхана
ұйымдарының басшылары мен жауапты қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңесте фармацевтикалық қызмет саласындағы өзекті мәселелер қарастырылды, оның ішінде:
• 2021 жылғы 19 қаңтардағы ҚР ДСМ № ҚР ДСМ-15 бұйрығына сәйкес Дәріханалық қызметтің тиісті практикасы (GPP) талаптарын енгізу;
• дәрілік заттардың айналымы саласындағы маман сертификатын алу тәртібі;
• 2020 жылғы 5 тамыздағы ҚР ДСМ № ҚР ДСМ-112/2020 бұйрығының ережелерін түсіндіру – рецепт жазу, ресімдеу және оларды босату тәртібі.