Департаментте 2025 жылдың 26 мамыр күні қазақ халқының біртуар азаматы, ұлы ғалым, ағартушы-демократ, күллі адамзат тағдырына алаңдаған ойшыл-гуманист Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай өткізіліп отырған ғылыми-танымдық, әдеби кеш өткізілді.

Бізбен кездесуге келген кешіміздің басты қонағы-Алматы және Жетісу облыстары әкімдіктерінде 25 жылға жуық үздіксіз, абыроймен қызмет істеп келе жатқан, өңірімізге белгілі мемлекеттік қызметші, Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, дүниежүзілік «Шыңғысхан» академиясының академигі, Тезек төре және Шоқантанушы, өлкетанушы, бірқатар тарихи-танымдық, ғылыми-зерттеу мақалалардың авторы Бағдат Бақтыбайұлы Ақылбеков.

Кездесу барысында Бағдат Бақтыбайұлы Шоқантанушы ғалым ретінде Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі туралы баяндай отырып, ұлы ғалымның қазақ халқына сіңірген еңбегі, ғылыми жетістіктері, артында қалдырған бай мұрасы, өскелең ұрпаққа үлгі тұтар тарихи тұлғасы жайлы сөз қозғайды. Сондай ақ, Шоқан өмірінің соңғы кезеңіне арналған жеке зерттеулерінің нәтижесі жөнінде де хабардар етеді.