«Қазақ тілінің ұлттық корпусы» жобасының мәтіндік базасы көлемінің үлесі

«Қазақ тілінің ұлттық корпусы» жобасының мәтіндік базасы көлемінің үлесі

Қазақ тілі ұлттық корпусы мәтіндік базасының көлемін арттыру қажет. Корпус – белгілі бір тілдегі мәтіндердің электронды түрде жинақталуына негізделген ақпараттық-анықтамалық жүйе. Ұлттық корпустар тілді ана тілі немесе шеттілі ретінде үйрету үшін де маңызды. Әлемде оқулықтар мен оқу бағдарламалары қазір корпусқа бағытталған. Кез келген шетелдік, мектеп оқушысы, мұғалім, журналист, редактор және жазушы корпусты қолдана отырып, бейтаныс сөзді немесе грамматикалық форманың қолдану ерекшеліктерін тез және тиімді тексере алады. Ұлттық корпус алдымен тілдің лексикасы мен грамматикасын, ондағы жүздеген жылдар бойы болған өзгерістерді ғылыми зерттеу үшін қажет. Қазіргі технологиялық дамудың арқасында ақпаратты іздеуді оңтайландырады.