2024 жылдың 18 сәуірінде «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ұйымдастырушы» атты медицина қызметкерлері арасында облыстық байқау өтті

2024 жылдың 18 сәуірінде «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ұйымдастырушы» атты медицина қызметкерлері арасында облыстық байқау өтті

2024 жылдың 18 сәуірінде «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ұйымдастырушы» атты медицина қызметкерлері арасында облыстық байқау өтті. 4 кезеңнен тұратын байқауға («Таныстыру», «Дода», «Ұйымның даму формуласы"," Көкпар") 20 адам қатысты. Оның ішінде біздің бұрынғы әріптесіміз ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Төлеген Тоқежанұлы Бұғыбаев қатысты, қазіргі уақытта облыстық мамандандырылған оңалту орталығының бас дәрігері болып табылады.

Қатысушылар заңдарды, нормативтік-құқықтық құжаттарды, Денсаулық сақтау саласының өзекті күн тәртібін білуде бақ сынасты. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде облыстық оңалту орталығының бас дәрігері Төлеген Бугибаевқа берілді. Бірінші орынды Қордай аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айдын Байбеков, екінші орынды Меркі аудандық ауруханасы жылжымалы медициналық кешенінің меңгерушісі Қаламқас Төреқұл, үшінші орынды облыстық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Гүлнұр Қазанғапова иеленді.

Сондай-ақ "Үздік көшбасшы", "Мейірімді дәрігер", "Үздік инноватор", "Үздік үйлестіруші", "Үздік сарапшы", "Үздік тәлімгер", "Үздік спикер", "Эрудитті дәрігер", "Үздік стратег"арнайы номинацияларында жеңімпаздардың есімдері жарияланды. Жеңімпаздарға және барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табысталды.