«Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау» тақырыбындағы жиналыс

«Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау» тақырыбындағы жиналыс

Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысының орынбасары және ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Фармацевтикалық қызметті бақылау және дәрілік заттар мен мед.бұйымдарға арналған бағаларды мониторингілеу бөлімінің бас маманымен « Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау» тақырыбында бірлескен жиналыс өткізілді. Жамбыл облысының медициналық ұйымдарының өкілдері мен басшылары қатысқан жиналыста, 2024 жылдың 1 шілдеде басталатын дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау мәселелері бойынша ұсыныстары мен өзекті мәселелері талқыланды.